
Сонымен қатар, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңес беру және жобаларды қолдау орталықтарын іске қосатындығын жария етті. Ашылып отырған орталықтардың негізгі мақсаты – аймағымыздың кәсіпкерлеріне кеңес беру және сервистік қолдау қызметтерімен ақысыз және тұрақты түрде қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерлерді қолдау және кеңес беру орталықтарында әрбір кәсіпкер мемлекеттік қолдау, оның ішінде, субсидия және кепілдік, салықтық және кедендік әкімшілік ету, мемлекеттік және жүйе құраушы кәсіпорындарын сатып-алу, статистикалық және бухгалтерлік есеп, сонымен қатар құқықтық жағынан қамтамасыз ету туралы кеңес алып тұрады. Жобаларды қолдау орталығында кәсіпкер бизнесті жүргізу негіздері, оның ішінде, стартап жобалары және іске асырылған бизнесті дамыту, бизнес-жобаларды жасау, әріптестерді, құрал-жабдықтарды және инвестиция көздерін қарастыру туралы ақпарат және кеңес ала алады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!