КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

49

0

<!–
[if gte mso 9]>

Normal
0

false
false
false

MicrosoftInternetExplorer4

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ  КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕКәсіпкерлік экономиканың ең іргелі сигменттерінің бірі
екені белгілі. Мемлекеттің саяси тұрақтылығын сақтап, экономиканың тұрақты
өсуін, жұмыссыздықты азайтып, халықтың жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын
қамтамасыз етуге шағын және орта бизнестің тигізетін ықпалы зор. Дағдарыстың
дендеп тұрған шағында жеке кәсіпкерлікпен айналысып, қаражат көзін қарастыру
үшін мүмкіндік арта түсуде. Экономиканы тұрақтандыруға зор септігін тигізетін
саланы дөңгеленту үшін қолдағы мүмкіндіктің барлығы жасалуда.

Өткен жылы Арал аудандық кәсіпкерлікті қолдау
орталығында мыңнан аса кәсіпкерге 2406 қызмет көрсетілген. Бұл туралы облыстық
кәсіпкерлер палатасы Арал аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов айтты.

Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерлікті қолдау және оны
дамыту мақсатында нәтижелі шаралар атқарылуда. Аталған орталық көрсеткен
қызметтің арқасында ауданның 130 азаматы «Бизнес мектебінде» «Бизнес-кеңесші»
бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген. Солардың бірі – Индира Жұмашева. Ол
өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдыру үшін кәсіпкерлер палатасында біліктілігін
жетілдіріп, бизнес жоспарын әзірлейді. Нәтижесінде Индираның жобасына
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы қолдау білдіріп, 3 млн теңге несие
береді.

«Мамандығым бойынша тігіншімін. Қазір менің қызметімді
қолданатын тұтынушыларымның саны артуда. Айына жүз тұрғынға дейін қызмет
көрсететін де кезіміз бар. Шүкір, алған несие өзін-өзі ақтап жатыр. Өз ісімді
ашуға көмектесіп, жөн сілтеген палата қызметкерлеріне алғысым шексіз», – дейді
Индира.

Айта кетейік, жыл басталғалы Арал ауданындағы орталық
кәсібін ашуға талпынып жүрген тұрғындарға 43 кеңес беріп, 30 кәсіпкерге
сервистік қызмет көрсетіп үлгерген.

Гүлхан
ЯХИЯЕВА.

<!–
[if gte mso 9]>

<!–
[if gte mso 10]>
/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:»Обычная таблица»;
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-parent:»»;
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin:0cm;
mso-para-margin-bottom:.0001pt;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:10.0pt;
font-family:»Times New Roman»;
mso-ansi-language:#0400;
mso-fareast-language:#0400;
mso-bidi-language:#0400;}

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз