Кәсіпкерлік нысандарын аралады

59

0

Кәсіпкерлік нысандарын аралады
Кәсіпкерлік нысандарын аралады25 сәуір күні «Даму-Сырдария» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру Бағдарламасының Қызылорда қаласындағы қатысушы-кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырылды. 
Пресс-тур аясында БАҚ өкілдері мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсібін жүргізіп отырған үш шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметімен танысты. 
Бірінші кезекте журналистержабық футбол клубының жұмысымен танысты. Жоба «Спортмастер СБ» ЖШС компаниясының бастамасымен жүзеге асуда. Компания директоры Бауыржан Махмұтовтың сөзінше спорт кешенін ұйымдастыру туралы ой көптен мазалап жүрген, себебі ашық не жабық мини футбол алаңдарының жетіспеуінен қала тұрғындарының көп бөлігі сүйікті спорт түрімен айналыса алмай отыр. Жобаның бастапқы мақсаты қаладағы жалдамалы алаңдарға деген сұраныстың бір бөлігін қамту мен жаңа жасыл алаңын қолдану арқылы нарыққа сапалы ұсыныс тастау болып табылады. Бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін жас кәсіпкер «Даму-Сырдария» аймақтық бағдарламасы аясында8,5% үстемемен «БанкЦентрКредит» АҚ 20 млн.тенге рәсімдеді. Бұл ретте банк алдындағы кепілмүлік жетіспеушілігін «Даму» Қорының 80% кепілдендіру құралының көмегімен шешуге мүмкіндік туды. 
Спорт кешенінің қызмет құны тікелей бәсекелестерден әлдеқайда төмен болғандықтан, өз кезегінде әлеуетті тұтынушыларды тартуға оң әсерін тигізеді. Бауыржан Махмұтовтың ескеруінше, төмен баға саясаты мен мінсіз қызмет көрсету деңгейі футбол клубының үздіксіз жұмыс жасауына кепілдік болады.
Келесі аралау нысаны болған Қызылорда облысындағы автосусабын шығаратын жалғыз кәсіпорын да өз кезегінде «Даму-Сырдария» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жеке кәсіпкер Серік Махамбетов өзінің жуып-тазалауға арналған сұйық заттар шығаратын цехын «Банк Центр Кредит» АҚ алған несие қаражатына ашты. Бизнесменнің сөзінше ЕДБ қаражат тарту кезіндекепілмүлікпен жетіспеушілігі мәселесін «Даму» Қорының кепілдендіруімен оңтайлы шешті. Жобаны жүзеге асыру барысындағы объективті алғышарт ретінде тұрмыстық және автохимия заттарына тұрақты сұраныс пен нарықта бәсекелестің болмауын айтуға болады. 
Несие қаражатын Серік Махамбетов химиялық заттарды өндіретін құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсады. Осыған дейін ескерілгендей, жоспарланған қызметте кәсіпкердің ісіне тікелей бәсеке болатындай кәсіпорын аймақта жоқ. Бәсекелес ретінде жуып-тазалайтын заттарды көтерме және бөлшек саудалайтын сатушыларды атауға болады, алайда олар өндіруші болмағандықтан тиімді әрі төмен баға саясатын орната алмауда. Кәсіпорын өнімдерінің бағасы оны сатушылардың бағасымен салыстырғанда 30% төмен болып отыр. 
Бизнесменнің сөзінше, дұрыс қойылған баға қатынасы мен оның сапалылығы өзінің оң нәтижесін де әкеледі. Оның ұраны — қолжетімді бағадағы кәсіби өнімдер. — Бір тәуліктік өндіріс қуаты 200 литрді құрайды және зауыттың айлық өнімділік көлемі 5 тоннаға жетуде.
Жобаны жүзеге асыру арқылы кәсіпкер 8 жаңа жұмыс орнын ашты. 
Пресс-тур Бекзат Алмахановтың техникалық қызмет көрсетустанциясының жұмысымен танысудан соң өз мәресіне жетті. Жас кәсіпкер қызмет көрсетустанциясын кеңейту мақсатында 10 млн.теңге  несиеге«Даму» Қорының кепілдендіруі арқылы 8,5% үстемемен қол жеткізді. Несие қаражаты оның бизнесін кеңейтуге мүмкіндік беретін қажетті құрал-жабыдқтар мен металл ангарын сатып алуға жұмсалды. Бекзат Алмахановтың сөзінше, бизнесті нарық ырғағында сақтап қалу мен одан әрі дамыту үшін уақытында қаражат салып тұру қажет деп есептейді. Сондай-ақ кәсіпті кеңейтуге бағыттайтын ақша қаражаты әрдайым қолда бола бермейтіні де белгілі. Осы жағдайда кәсіпкерлер үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие рәсімдеу таптырмас ұсыныс болып табылады. Жеке кәсіпкердің бизнесін дамытуға «Даму-Сырдария» Қызылорда облысының шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың аймақтық бағдарламасы аясында мүмкіндік туды. Бағдарламаға қатысудың нәтижесінде кәсіпкер жаңа жұмыс орындарын ашты. 
Еске салсақ, 2016 жылы Қызылорда облысының Әкімдігі мен «Даму» Қоры бірлесіп Қызылорда облысының кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған «Даму-Сырдария»Бағдарламасының жүзеге асуына 1,5 млрд.теңге қаржы бөлген болатын. Аталған  бағдарлама аясындаөңіріміздің 40 кәсіпкері 180 млн.теңгеге дейінгі несиені«Қазақстан Халық Банкі»АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ 8,5% үстемемен рәсімдеуге мүмкіндік алды. 
Тағы айта кететін жайт, ағымдағы жылы Қызылорда облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының Әкімдігі және «Даму» Қоры қосымша  2 млрд. теңге қаражат бөліп, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыруда. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз