Кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленеді

38

0

 Кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленедіҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік кеңесі аудандар мен ауылдарда «Кәсіпкерлікті дамыту» картасының әзірленуіне ықпал жасайды. Бұл кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы мен палатаның аудандық филиалдарының директорларына мақсат ретінде қойылды. 
Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш мәселе Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кезекті кезекті отырысында талқыланды. Күн тәртібінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының облыста 2013 жылы іске асырылу нәтижелері және 2014 жылға арналған жоспарлары қаралды. Шараға саланы жетекшілік ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары және басқа мүдделі органдар мен даму институттары қатысты. Негізгі хабарламамен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева, сондай-ақ қосымша баяндамашылар «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Жанат Саматқызы, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының» директоры Мәди Ибадуллаев таныстырды.  
Баяндамашылардың сөзіне сүйенсек, бағдармала аясында қаралған қаржының 78-90 пайызы  мал шаруашылығына бөлініп отыр. Осы орайда Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Қайрат Боранбаев: «Егер бөлініп жатқан қаржыны шамамен алсақ,  мысалға  3 млрд теңгені мал бағасына шаққанда, онда облыстық ауылшаруашылық басқармасының мал басы саны бойынша көрсеткіші мыңдаған есеге көбейіп, бағдарламаның тиімділігі көрінген болар еді» деді. 
Кеңес соңында кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов кәсіпкерлікті дамыту картасының әзірленуіне  ықпал ету бойынша бірлескен жұмыс тобын құруды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» бірлесіп Кәсіпкерлер палатасымен аудандарға шығуды ұйымдастыруды ұсынды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз