Кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайту қажет

53

0

Кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайту қажетЕлбасы
Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуының негізгі
бағыттарын айқындап, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі
жақсарту жөнінде қаулы қабылданып, шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге
мораторий жариялап, рұқсаттар беруді оңтайландыру шараларын қабылдауды
тапсырған болатын.

Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау бойынша «Нұр
Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен аудандық
кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бастамасымен арнайы мәжіліс
өткізіліп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылып жатырған шаралар
барысы талқыланды.
Мәжілісте аудан прокуроры
Ғ.Едігеев ҚР Бас прокуратурасының алқа мәжілісінде қаралған республика
көлемінде шағын бизнесті заңсыз тексерулер мен келтірілген кедергілер бойынша
орын алған заң бұзушылықтармен таныстырып, жергілікті атқарушы органдар мен
тиісті рұқсат беру құзіреті бар орган жетекшілерін заңдылық талаптарды қатаң
бақылауда ұстау қажеттігін білдірді.
 Аудан
бойынша кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін рәсімдеу мен құрылыстар салу
заңдылықтары бойынша  аудандық сәулет
және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Теміров пен аудандық жер қатынастары
бөлімінің басшысы А.Жанұзақ ақпарат берсе, Қазалы аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Г.Имандосова мен аудандық
салық басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов 
тиісті салалық басқармалар бойынша тексерулер мен рұқсаттар беру
рәсімдерінің оңтайландырылып жатырғандығын атап өтті.
 Жеке
кәсіпкерлер арнайы сұрақтарын қойып, тиісті ақпараттарын алды.
Мәжілісті Қазалы ауданының
кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ә.Әбиев қорытындылап,
шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шаралар тұрақты атқарылатындығын
баяндады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз