Кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы әзірленді

37

0

Кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы әзірлендіБүгін Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.  
Жиынды аша отырып, аймақ басшысы Елбасы Жолдауында 2050 жылға дейін ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға дейін ұлғайтуды тапсырғандығын атап өтті.
– Осы міндеттерді іске асыру мақсатында облысымызда жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін бірыңғай өңірлік
Жол картасын әзірледік. Жол картаның басты мақсаты – барлық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оларды тиімді пайдалану, – деді облыс әкімі. 
Қызылорда қаласында  шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ұсыныстар мен  Жол картасының мүмкіндіктері туралы облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким баяндама жасады.
– Мүдделі мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен бірлесіп кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндігін қарастыра отырып, Қызылорда қаласының экономика секторлары бойынша негізгі ерекшеліктерін айқындап, барлық индикаторды әкімдіктегі ахуалдық орталыққа жүктедік. Енді біз ауыл әкімдерінің жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бойынша қай деңгейде жұмыс жасап жатқандығын анық бақылап отыра аламыз, – деді Е.Ким.
Кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы әзірлендіҚала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды кәсіпкерлікке тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 
Отырысты қорытындылаған Қырымбек Көшербаев  Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты елді мекендердің әкімдеріне бірқатар нақты тапсырамалар берді.
Естеріңізге сала кетейік, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көшпелі отырыстар осыған дейін барлық ауданда өткізілді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз