Кітап көрмесі

38

0

Кітап көрмесіҚорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің І оқу ғимаратының кітапханасында «Ту, Елтаңба, Әнұран – қасиетті құндылықтар» атты кітап көрмесі өтті. 
Шараны «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының «Әділет» бастауыш партия ұйымы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырды. «Бабалар сөзі – ұлт мұрасы», «Сыр елінің інжу-маржаны» деген бөлімдер арқылы студенттер қымбат қазынамызды парақтады. 
– Шарада оқырманға мемлекеттік рәміздердің тарихын, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді таныстыруды мақсат еттік. Көрме 16 желтоқсанға дейін жалғасады, – дейді «Әділет» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлмира Сәтбаева. 
Назерке ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз