Кіітапхана қоры 13 мың кітапқа молайды

44

0

Кіітапхана қоры 13 мың кітапқа молайды   Қызылорда. Былтыр қаладағы кітапханалар қоры 13 мыңнан астам жаңа кітаппен толықты. Қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев осы деректерді мәлімдеді. 
   Қаладағы кітапханалардың жалпы кітап қоры 618 348 дананы құрайды. Қала кітапханаларының кітап қорына 2013 жылы жаңадан 12 489 дана кітап алынды. Сала басшысының айтуынша, 2013 жылы жергілікті бюджеттен қаланың мәдениеті пен өнер саласына 234 млн. 404 мың. теңге қаралды. Қалалық мәдени-демалыс паркінде 2013 жылы 49 аттракционмен халыққа қызмет көрсетілген. Жазғы маусымда күніне орта есеппен 600 адамның бос уақыты тиімді ұйымдастырылған.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз