Кітапханаға қалай жетуге болады?

50

0

Кітапханаға қалай жетуге болады? Кеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында процестерді автоматтандыру бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітапханаға қалай жетуге болады?» атты либмоб өткізілді.

«Либмоб» ( англ. ) library-mob – library – кітапхана және mob — тобыр) «кітапхана жиыны» — флешмоб түрі.

Либмоб қала көшелерінде, сауда орталықтарында және оқу орындарында түрлі жастағы азаматтармен сұхбат жүргізу, сұрақтар қою, ақпарат беру бағытында өтті.

Қатысушылардың жартысы кітапханаға қалай жетуге болатынын білсе, кейбірі мүлде кітапханаға жазылмағандарын жасырмай айтып жатты. Кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында кітапхананың тарихы мен ақпараттық қызмет көрсету бағыты жазылған ақпарат парақшалары, кітапхана мекен – жайы жазылған смайликтер таратылды. Кітапханашыларға көмекші ретінде тұрақты оқырмандар А.Байтенова, Н.Матниязов, М.Серіков, Б.Бисешовтер акцияға өз үлестерін қосты. Жаңа бағыттағы осындай іс-шараның оқырман қызығушылығын арттыра түсуге, кітапхана жұмысының алға жылжуына септігін тигізетіні байқалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз