«КІТАПХАНАДАҒЫ ТҮН» КҮТЕДІ

90

0

21 сәуір күні сағат 20.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Кітапханадағы түн» мәдени акциясы өтеді.
Дәстүрлі шара оқу мәдениетін арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін арттыру, кітапхананы жарнамалауға бағытталған. Акция аясында балаларға арналған ертегі-шоу, кітап көрмесі, ақын-жазушылармен кездесу, «Көктем аруы» байқауы ұйымдастырылады. «Әдеби кафеге» кез келген адам қатыса алады. Кім дұрыс жауап берсе, соған түрлі сусындар ұсынылып, құрмет көрсетіледі. «Кел, шырқайық!» караоке-шоуында ниет білдіргендер караокеде ән салады. Шахматтан әлем чемпионатыны жеңімпазы Абдуали Самалмен бір мезгілде ойын сеансы, жастардың қатысуымен «Ымырттағы оқулар» шарасы өткізіледі. 
Қайыра айтқанда, қонақтарды керемет кездесулер, шексіз сезімдер мен ұмытылмас әсерлер күтіп тұр. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз