
Жарыстың бұл сатысы бір ғана ойыннан тұрады. Ол екі команданың бірінің алаңында 20 мамырда өткізіледі. Бұл мәселе алдағы күндерде шешіледі. Екі команда Қазақстан кубогында 2012 жылы кездескен. Аталмыш жарыстың 1/4 финалында өзара бақ сынады. Сол жылдың 19 қыркүйегінде өз алаңында «Қайсар» «Астананы» 1:0 есебімен тізе бүктірген еді, араға 10 күн салып 29 қыркүйекте елордада біздің футболшылар олардан 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Соның салдарынан жарысты жалғастырудан шет қалды. Бұл жолы қалай болады?
Үстіміздегі жылы Қазақстан кубогының 1/4 финалында «Оқжетпес» пен «Ақтөбе», «Тобыл» мен «Жетісу», «Қайрат» пен «Тараз» командалары кездеседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!