Күйеуін қызғанған келіншек қылмыскер атанды

34

0

Күйеуін қызғанған келіншек қылмыскер атандыБайқоңыр қаласының тұрғыны күйеуін қызғанып, қылмыскер атанды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушы күйеуін қызғанамын деп, жәбірленушінің ішіне пышақ сұғып алған. Байқоңыр қалалық сотының үкімімен сотталушы үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге моральдық зиян үш жүз мың теңге өндіруге үкім етті. Дегенмен сот үкімімен келіспеген жәбірленуші аппеляциялық шағым берді. Бірақ, бес жыл бас бостандығынан шектеу жазасы мен бір миллион теңге моральдық зиян өндіруді сұраған. Алайда оның шағымы қанағаттандырылмады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз