Күзгі бал өткізілді

557

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балаларды ерте жастан кітап оқуға тарту, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, туған жердің табиғатына поэзияға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері мен эстетикалық көз-қарасын, көркем әдебиетке деген танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында – «Ералаш» балалар-бақшасының бүлдіршіндері мен ата-аналарының қатысуымен «Сәлем, саған алтын күз!» атты күзгі бал өткізілді. Мереке өте қызықты өтті.
Түрлі-түсті көркем костюм киген балалар жатқа өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп, өлең-жыр айтып, ертегілерді сахналады. Ал, кітапхана аванзалында балалар мен ата-аналар бірлесе дайындаған «Дары осени» қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз