Күзгі тазалық айлығы жүруде

81

0

Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратовтың өкімімен күз мезгілінде өтетін дәстүрлі санитарлық тазалықтың екі айлығы өткен сенбіде басталды. Тазалық маусымы қала, кент территориясы мен ауылдық округтер аумағында 9 қыркүйек пен 11 қараша аралығында өтеді.

Бүгін ұйымдастырылған сенбілікке аудан орталығындағы мекеме-кәсіпорын ұжымдары бір кісідей атсалысып, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Өзге де еңбек ұжымдары көшелер мен айналма жол бойында жұмыс істеді. Кент тұрғындары да сенбілікте белсенділік танытты.

Сонымен қатар, сенбілікте көпқабатты үйлердің ауласы мен құрылыс жүріп жатқан аймақтар да ретке келтіріліп, қоршаулар мен көше бойындағы орындықтар сырланды, күл-қоқыстар сыртқа шығарылды. 

Аудан әкімі Н.Шамұратов кенттегі сенбілік жұмыстарын аралап, тазалық мәселесін бақылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз