Көзге жас алдырған ән кеші

51

0

Көзге жас алдырған ән кешіЖаңақорғандық талантты бойжеткен, мүмкіндігі шектеулі Ақнұр Сматованың шығармашылық ән кеші өткізілді. Дүйім жұрттың алдында әсем ән шырқап, жиналғандардың көңілін бір серпілтті. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бір нәзік сәуле» атты шағын көріністе басты кейіпкерді сомдаған Ақнұрдың жүректерге жеткізе айтқан сөздері көрермендердің көзінен еріксіз жас шығарды. Шиеліден келген жан досы, қос жанарынан айрылған Бақытгүлдің «Тәубеңе кел» деген қара сөздері көптің санасына әсерлі ой салды. Көрермендер залында ине шаншыр орын болмауы Ақнұрдай қайсар қызымыздың тез айығып кетуіне себепкер болайық деген ниеттегі жаңақорғандық жұртшылық лек-легімен қайырымдылық жәшігіне қаржыларын салып жатты. Тікелей аудандық «Нұр Отан» партиясы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен өткен ән кешінде Ақнұрға 400 000 теңгеге жуық ақша жиылды. Одан бөлек, «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөлімшесі мамыр айынан бастап Ақнұрды қоғамдық ақылы негізде үш айлық жұмысқа қабылдайтынын жеткізді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз