Құл-Мұхаммед: Жаңартылған Ата Заңымызды бірлік пен келісімнің Конституциясы деп атауымыз керек

89

0

Құл-Мұхаммед: Жаңартылған Ата Заңымызды бірлік пен келісімнің Конституциясы деп атауымыз керекЖаңадан қабылданған Ата Заңды бүкілхалықтық келісімнің Конституциясы деп атауға толық негіз бар. Бұл туралы бүгін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық Коалициясының кезектен тыс отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Конституциялық кеңестің оң шешімінен кейін Елбасы бұл тарихи құжатқа қол қойды. Осы орайда бұл қуанышты оқиғамен баршаларыңызды шын жүрегімнен құттықтағым келеді»,-деп тоқталды М. Құл-Мұхаммед. Сондай-ақ ол өткен мерзімде елеулі жұмыстар атқарылғанын, соның нәтижесінде тек қана Конституцияның жаңартылған жобасы бойынша 6 мыңнан астам ұсыныстар келіп түскенін, бұл ұсыныстардың барлығы түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың алаңдарында кеңінен талқыланғанын атап өтті.
«Осы маңызды тарихи сәт еліміздің жаңа саяси кезеңінің басталғанын бізге анықтап беріп отыр. Бұған байланысты бүкілхалықтық талқылау негізінде қабылданған жаңартылған Ата Заңымызды бірлік пен келісім Конституциясы деп атауымыз керек. Бүгін тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасымыз бізге үлкен сенім артып отыр. Сондықтан барлық күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек деп есептеймін»
Бүгінде Демократиялық Күштердің Жалпыұлттық Коалициясы 5 саяси партиядан, 23 ірі қоғамдық бірлестіктер мен 500-ден астам ҮЕҰ үкіметтік емес ұйымдардан құралған. Отырыс барысында Коалиция жаңа Конституцияны қолдау мақсатында қазақстандықтарға арнайы үндеуін жариялады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз