Ұлағатты ұстазды еске алды

237

0

Ұлағатты ұстазды еске алды
Бүгін Жаңақорған кенті орталығындағы №3 мектеп- интернатында Сыр елінің біртуар сырбаз азаматы, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, өмірі өнегемен өрілген Арасат Фейзулдаұлының еске алу кеші өтті. Салтанатты кешке аудан әкімі Р.Рүстемұлы, ардагер ұстаздар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі А.Сопыбеков пен тума- туыстары, шәкірттері қатысты. Салтанатты шараны аудан әкімі Р.Рүстемұлы ашты. 

«Ұстаз ұлағатты есім. Себебі өз ғұмырын өзгеге арнайтын бұл жандардың алдында хан да, қараша да, ғалым да, дарын да басын иеді. Ұстаз шәкірттеріне өмірлік азық болар тәлім- тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік тұрғыда бағыт- бағдар береді. Осындай жанның бірі Арасат Фейзулдаұлы. Жақсы адамның ісі қашанда елге ұлағат, ұрпаққа өнеге. Ал Арасат ағамыздың өнегеге толы өмірлік жолын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отыру біздің парызымыз»,-деді өз сөзінде аудан басшысы. 
Кейін сөз алған өзге қонақтар А.Фейзулдаұлын тебіреніспен еске алып, өткізіліп жатырған тағылымды, кейінгі ұрпаққа берері мол шараға өз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз