Ұлан Рысқұл «Жетісу бөрісі» атанды

63

0

Ұлан Рысқұл «Жетісу бөрісі» атандыТалдықорғанда Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін
қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» турнирі өтті. Нәтижесінде Сыр өңірінің
тумасы Ұлан Рысқұл жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды BNews.kz.
    
Турнирге аудан, қалалық іріктеу турларында
жеңімпаз атанған екі палуаннан жалпы саны 38 спортшы қатысты. Ұлан
Рысқұл «Балқаш барысы» лақап атымен Балқаш ауданының намысын қорғады.
Оған «Жетісу бөрісі» белбеуін тақты және облыс әкімінің жүлдесі – «Лада
Приора» автокөлігінің кілті табысталды.
    Облыстық турнирде жүлделі І және ІІ орыннан көрінген қос палуан
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен
өтетін «Қазақстан барысы» жарысының жолдамасына ие болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз