Ұландар жеңісі

62

0

Ұландар жеңісіҰлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесінің берекелі күндері басталып та кетті. Облыстың білімпаздары Сыр еліне  еліне білім бәйгесінен жеңіспен оралуда.
Өткен жылдың 9 желтоқсан күні 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІ республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінен өткен 17 жас зерттеушілеріміз 15-17 наурыз аралығында Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында өткен республикалық кезеңнен түгелдей дерлік жеңіс тұғырынан көрінді.
Қалыспай қалмай, қанаты талмай балапандарымыз биікке самғады! ХІІ республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңінде
І орын: 
Абилбеков Алмаз, Қабылбек Кəусар, Əкімшаев Əбілмансұр, Тоқтарова Аяжан, Алпамыс Данияр иеленсе,
ІІ орынмен:
Ұзақбаева Гүлвира, Бекмырзақызы Айнара, Бекмаханова Ұлпан, Темірбек Бибінұр марапатталды.
ІІІ орын:
Айтбаева Дильназ, Əбибулла Сафиа, Балтабай Шапағат, Сапарбеков Ерасыл иегері атанды!
Сайфуллаев Ербол, Искак Асыл, Бақытбек Жасмин, Шарипбай Жибек Алғыс хатпен марапатталды!
Қызылорда облысының қанжығасына жүлделі 5 оқушымыз І орын, 4 оқушымыз ІІ орын, 4 оқушымыз ІІІ орын және 4 оқушымыз «Алғыс хат» иегері атанды.
Жеңімпаз оқушыларымыз наурыздың 19 күні №076 Көкшетау-Қызылорда поездымен сағат 16:13-те бұқаралық ақпарат құралдарымен күтіп алу жоспарлануда. Жеңіс бәрімізге ортақ, Сіздерді жеңімпаздарды қарсы алуға шақырамыз!
Барша оқушыларымызды Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне жасалған үлкен сыйлықтарына алғыс білдіре отырып, жеңістерімен құттықтаймыз!Балғын балаларымыздың болашағына зор сеніммен қарап, алда талай биіктерден көрінулеріне тілекшіміз!
Оқушыларымыздың ата-аналарына, ұстаздарына және мектеп ұжымдарына ыстық лебізімізді жеткізе отырып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде қосып жатқан еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз! 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз