Лаула, лаула, Универсиада алауы!

34

0

Лаула, лаула, Универсиада алауы!28 қаңтарда Қызылорда қаласында ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы универсиаданың алауы жағылады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қызылорда қаласы бойынша эстафета бағытының ұзындығы – 12 шақырым. Әр алаугер шамамен 200 метрді жүгіріп өтеді. Эстафета алауын ұстау құрметіне ие болғандар қатарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қайраткерлер, универсиада әріптестерінің өкілдері, өнер саңлақтары, жетекші спортшылар және алдыңғы қатарлы жастар бар. 
Алаудың бірінші кезеңі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақтан сағат 10-да басталады. Алау отын алғашқы болып ауыр атлетикадан Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері Александр Зайчиков тұтандырады. Эстафета Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойымен Жібек жолы, Абай даңғылы арқылы «Болашақ» университетіне жеткізіледі. Мұнда І кезеңнің аяқталуына байланысты мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Екінші кезеңі «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты жанынан Бұқарбай батыр ескерткішінің алдында сағат 14.00-де басталады. Ғ.Мұратбаев көшесінен басталатын эстафета Желтоқсан көшесі арқылы Алау салтанаты өткізілетін Қорқыт ата атындағы ҚМУ маңайынан орталық алаңда межеге жетеді. Алау отын мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева жағады. 
Орталық алаңда Алау салтанатын тамашалауға келген көпшілік гала-концертті тамашалай алады. Шара соңында Лиза арнайы «Дэви шамына» салынған алауды Универсиада серіктестігі АҚ «»Эйр Астана» арқылы Алматыға алып кетеді. Мәнерлеп сырғанаушы жерлесіміз 29 қаңтарда Алматы қаласында өтетін Алау Эстафетасына қатысады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз