\»Әлем аруы-2017\» байқауының жеңімпазы анықталды

56

0

Қытайдың Санья қаласында өткен «Әлем аруы-2017» байқауы өз жеңімпазын анықтады. Биылғы жылдың ең көріктісі болып үндістандық Мануши Чхиллар таңдалды, деп хабарлайды Baq.kz.
Әлем аруы атанған үндістандыққа сұлулық тәжін «Әлем аруы-2016» байқауының жеңімпазы, пуэрторикалық Дель Валл өз қолымен кигізген.
118 арудың ішінен үздік шыққан Мануши 20 жаста. Ол болашақ дәрігер, нақтырақ айтсақ кардиохирург. Ол экстремальды спорт түрлерімен айналысқанды өте жақсы көреді. Әсіресе парашютпен секіруді ұнатады. Сонымен қатар ол өте әдемі билейді, ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Мануши Чхиллар «Әлем аруы» атанған Үндістанның бесінші аруы. Бұған дейін киножұлдыз Айшвария Рай (1994), Диана Хайден (1997), Йукта Муки (1999), Приянка Чопра (2000). Ал екінші орынға Мексика аруы Андре Мезге бұйырса, үшінші орын – британиялық Стефани Хиллге тиесілі болды.
Бұл сайысқа Қазақстан атынан қатысқан «Қазақстан аруы-2016» байқауының жеңімпазы Гүлбану Әзімханова ТОП-40 құрамында болғанын және өз тобында «Head to Head Challenge» жеңімпазы атанғанын ұлттық байқаудың инстаграмдағы misskazakhstan_official парақшасында жазды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз