Әлем чемпионатына Қызылорда облысынан Илья Ильин мен Рүстем Сыбай қатысады

56

0

Әлем чемпионатына Қызылорда облысынан Илья Ильин мен Рүстем Сыбай қатысады8-16 қараша аралығында Алматы
қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді.
Аталмыш дүбірлі додаға
облысымыздан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 3 дүркін Әлем, 2 дүркін Олимпиада
чемпионы Илья Ильин қатысады. Бұған дейінгі жарыстарда 94 келіде  өнер көрсетіп жүрген Илья салмақ ауыстырып, бірінші рет 105 келіде
сынға түседі. Бұл әлем чемпионаты 2016 жылы Рио де Жанейро
Олимпиадасының алғашқы жолдамалық жарысы болмақ. Қазақстаннан қатысатын
спортшылар осы Әлем чемпионаты мен 2015 жылы АҚШ-та өтетін әлемдік сайыстың
қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиясын сарапқа салады.
Сондай-ақ, Ильямен бірге жерлесіміз Рүстем Сыбай 94 келіде бағын сынайды. Жарыс
бағдарламасына сәйкес 14 қараша күні сағат 19.00-де ерлер арасында «А» тобында
Рүстем Сыбай, 15 қараша күні сағат сағат 19.00-де ерлер арасында «А» тобында
Илья Ильин бақ сынайды. 

 Спортшыларымызға сәттілік
тілейміз! 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз