Әлем чемпионатынан олжалы оралды

55

0

Әлем чемпионатынан олжалы оралдыҚызылорда. Грекияның Салоники қаласында өткен самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында біздің облыстан барған спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жарыс нәтижесінде 44 келі салмақта Гүлфайруз Наймантаева мен 72 келіде Мереке Құдайбергенова қола жүлдеге қол созды. Қос спортшыны жарысқа Жанар Дүйсекенова, Мақсат Оспанов пен Әбдісаттар Садықов дайындады.
Г.Наймантаева бұған дейін жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанған. Ол бүгінде Қызылорда қаласындағы №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтер мектебінде тәлім алып жүр. Ал Мереке Құдайбергенова (Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінде тұрады.. Мереке былтыр Латвияда өткен әлем чемпионатында да үшінші орын иеленген еді.
Аталмыш сынға дүниежүзінің 27 елінен 500-дей самбошы келді. Олар 4 күн бойы боз кілемде шеберлік байқасты. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз