Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын зілтеміршілердің есімі белгілі болды

58

0

Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын зілтеміршілердің есімі белгілі болдыХалықаралық ауыр атлетика федерациясы әлем чемпионатына спортшыларды аккредитациялауды аяқтады. Биылғы әлем біріншілігіне 683 атлетші қатысады. Олардың 279-ы әйелдер, 404-і ерлер.

Қазақстан бұл әлем чемпионатын өткізуші ел болғандықтан толық құраммен қатысады. Сонымен қатар, Беларусь, Қытай, Колумбия, Эквадор, Мысыр, Германия, Үндістан, Италия, Жапония, Польша, Ресей, Тайланд, Түркия, Украина және АҚШ елдері де толық құраммен қатысады.

Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі:

Әйелдер:

Маргарита Елисеева (48 кг),

Зульфия Чиншанло (53 кг),

Сәуле Сәдуақасова (58 кг),

Майя Манеза (63 кг),

Карина Горичева (63 кг),

Жазира Жаппарқұл (69 кг),

Гүлназ Наурызова (69 кг),

Светлана Подобедова (75 кг),

Анна Нұрмұхамбетова (75 кг),

Ерлер:

Арли Чонтей (56 кг),

Альберт Линдер (69 кг),

Кирилл Павлов (77 кг),

Медет Жүндібаев (77 кг),

Владимир Седов (94 кг),

Рустем Сыбай (94 кг),

Илья Ильин (105 кг),

Жасұлан Қыдырбаев (105 кг),

Ибрагим Берсанов (+105 кг),

Селімхан Әбубәкіров (+105 кг).

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8-16 қараша күндері Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз