Әлем чемпионы Сырдарияда тұрады

44

0

Әлем чемпионы Сырдарияда тұрадыСырдария. Бүгінде ауданымыздың, аймағымыздың мақтанышына айналған саңлақ спортшы Оразбек Медетбаевтың жетістіктеріне сырдариялықтар риза. Ол 11 рет Әлем, 5 рет Еуропа, 9 рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. 
Ауданның абыройын асқақтатып жүрген азамат қазіргі таңда Халықаралық жарыстарға қатысумен қатар кент орталығындағы «Сырдария» спорт клубында гір көтеруден жаттықтырушы болып, шәкірттерге дәріс береді. Оның көптеген тәрбиеленушілері өзі тәрізді дүбірлі жарыстарда олжа салып жүр. Қазіргі таңда саңлақ спортшы О.Медетбаев 19-21 сәуір аралығында Ресей Федерациясының Қазан қаласында өтетін Никита Жеребцовты еске алуға арналған Халықаралық біріншілікке дайындалу үстінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз