Әлемді таңғалдырған ең жас миллионер

69

0

Әлемді таңғалдырған ең жас миллионерӘр адам табысқа жетуді көздейді. Көпшілігіміз өзіміздің жетістікке жетелейтін кәсібіміздің болғанын қалаймыз. Жетістікке жеткен кәсіпкерлердің өмір жолынан үлгі алып, олардың ерлігін қайталауға тырысамыз. Бүгінгі күні күллі әлемге ең жас кәсіпкер ретінде танылған Райан Росстың шағын еңбек жолы өзіңізге және жеке кәсібіңізге деген сенімділігіңізді арттыра түсетіні сөзсіз.
Үш жасында тауық асырап, кәсібін жұмыртқа сатудан бастаған ол, өзінің алғашқы миллионын сегіз жасында тапқан.
Алғашында оның иелігінде 60 тауық болды. Райан Росс 12 жұмыртқаны үш долларға сатып, орташа есеппен күніне 15-20 доллар қаржы тапты. Уақыт өте келе, ол жұмыртқа сатуға қарағанда көп табыс әкелетін кәсіппен айналысуды жөн көреді. Кішкентай кәсіпкердің келесі бизнес идеясы көршілердің көгалын 25 долларға ретке келтіріп, тазалап беруге негізделді. Әрине, көгал шапқышты кішкентай бала басқара алмайды. Өз ойын жүзеге асыру мақсатында Райан 20 долларға қызметкер жалдап, 5 долларына табыс көрді. Жас кәсіпкердің кәсібі күннен күнге көркейді. Жергілікті банк қызметкерлері оның жұмысына қолдау көрсету мақсатында оған банктен арнайы шот ашты. Төрт жасар Райан Росстың шотында 1500 доллар сақталды.
Көпшілік оның үш жасында кәсіпті бастағанына сенбейді. Райан Росстың кәсібі ата-анасының көмегімен ғана табысқа кеңелді деп санайтындар аз емес. Алайда, ата-анасының айтуы бойынша, олар баласына тек қана рухани көмек көрсеткен. Ал Райан уақытының бір бөлігін балабақшада өткізсе, екінші бөлігін өз кәсібіне арнаған.Әлемді таңғалдырған ең жас миллионер
Бүгінгі күні 11 жастағы Райан барлық ақшасын жылжымайтын мүлікке инвестициялаған. Оның иелігінде Онтариода орналасқан алты мекеме бар. Бос уақытында Райан Росс баскетболл, хоккей ойнағанды ұнатады. Сондай-ақ, бала кәсіпкер өзін-өзі дамыту, жетілдіру кітаптарын сүйіп оқиды. Бір қызығы, ол ата-анасы рұқсат бермегендіктен ұялы телефон пайдаланбайды.
 
«Бақ кз» ақпараттық порталы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз