Әлемдегі ең ежелгі «смайл» Түркиядан табылды

58

0

Түркияның Газиантеп провициясының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Каракамыш қаласында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан түркиялық және италияндық археологтар «смайл» бейнеленген құмыраны тапты.

Болон университетінің профессоры Николо Маркеттидің айтуынша, бұл ерте замандағы жымиып тұрған адамның бейнесі. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 1700-ші жылдары жасалған. «Бұл құмыра шербетті (тәтті сусынды) ішуге арналған. Біз әлемдегі ең ежелгі «смайлды» тапқан секілдіміз. Біз шеберлердің қандай мақсатта құмыраның сыртына мұндай сурет салғанын білмейміз», – деді Маркетті.  Құмыра Газиантеп археологиялық музейіне тапсырылатыны айтылған.
tengrinews.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз