Әлемдік бестселлер қазақ тілінде шықты

104

0

Америкалық белгілі журналист, саясаттанушы, «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемптің «БЕРЛИН 1961: Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер» атты әлемдік бестселлері қазақ тіліне аударылып, баспадан шықты. Кітаптың таныстырылымы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп отыр. Бұл Рухани жаңғыру тұжырымдамасы аясындағы әлемнің ең үздік 100 кітабын қазақ тіліне аудару идеясына сай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі әлем тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – отыз жылға жуық уақытқа созылған КСРО мен Батыс арасындағы текетірес екені белгілі. «Қырғи қабақ» аталатын осы кезең  суреттелетін бұл кітаптың қазақ тіліне аударылуы – қазақ тіліндегі сапалы кітаптардың базасын толықтыруға әсерін тигізеді.
Автор бұл кітапта журналист, саясаттанушы, тарихшы ретінде жұмыс істеген. Кітапта қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі Берлин қабырғасының құрылысына қатысты оқиғалар мен саясаткерлер көрінісін суреттеген. Бұрын құпия боп саналып келген америкалық, Кеңес Одағы және неміс құжаттарының ақпараттары пайдаланылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз