Әлемнің 51 елінен 1000-нан астам делегаттар тұңғыш WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресінің жұмысына қатысады

99

0

Әлемнің 51 елінен 1000-нан астам делегаттар тұңғыш WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресінің жұмысына қатысадыEXPO аясында өткізілетін WSEC-2017 Конгресі 19-20 маусым аралығында ЭКСПО аумағының Конгресс орталығында өтеді. 300-ден астам шетелдік ғалымдар мен инженерлер Конгресс делегаттары қатарына кірген. Олардың арасында – Нобель сыйлығының төрт лауреаты және «Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығының 8 лауреаты, белгілі сарапшылар, жетекші ғалымдар мен әлемнің ірі энергетикалық компанияларының басшылары. Бұл туралы орталық коммуникациялар Қызметінде өткізілген баспасөз конференциясы барысында Конгрестің бас үйлестірушісі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Төралқасының бас ғалым-хатшысы Гүлбазар МЕДИЕВА хабарлады.
«Біздің форумға 11 беделді халықаралық ұйымдар өз өкілдерін жіберуде. Олардың ішінде Masdar ғылым және технология институты, «Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығын құру бойынша Коммерциялық емес ұйым, Ольденбург Университеті (Германия) және Әлмедік Энергетикалық кеңес, Халықаралық энергетикалық агенттігі (Франция), Инженерлік істің Корольдік академиясы (Ұлыбритания) және басқалар», – деп хабарлады Г. Медиева.
Спикер атап айтқандай, WSEC алғаш рет өткізіліп отыр. Оған еліміздің екі ірі ғылыми ұйымдары – Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы бастамашылық етті. Конгресті ҚР Энергетика, ҚР Білім және ғылым министрліктері қолдады. Форумның тақырыбы ЭКСПО тақырыбымен толық үндеседі – «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістер».
– Бұл жаһандық тақырып, – деп айтты Гүлбазар МЕДИЕВА. – таза энергияны дамыту, қоршаған ортаны сақтау мәселелерімен әлемнің барлық бөліктерінде ғалымдар айналысуда. Осымен WSEC Конгресіне ғалымдардың қызығушылығы түсіндіріледі. Форумда жүздеген баяндамалар ұсынылады, жобалар мен идеялардың презентациялары өткізіледі. Бірақ «Жасыл энергетика» – Конгрестің ғылыми пікірталастарының жалғыз бағыты емес. Энергияны тұтынудың технологиялық мәдениетін көтеру сияқты мәселеге назар аударылатын болады. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені бізде ЖІӨ бірлігіне қатысты энергияны меншікті тұтынудың көрсеткіші 1,9 құрайды. Бұл дамыған елдердегі осыған ұқсас көрсеткіштен бірнеше есе артады. Сондықтан бізде өнімнің энергия сыйымдылығы жоғары, тауардың бәсекеге қабілеттілігі және қоршаған ортаны ластау төмен.
Жалпы WSEC жұмысы 4 ғылыми блоктардан құрылады: «Бүкіл әлемдік энергетиканың 2050 жылға дейін дамуының келешегі мен сценарийлері»; «Энергетикалық трилемманың балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық»; «Әлемдік энергетиканы және Энергетикалық нарықты дамыту тенденциялары»; «Ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету».
«Әлемдік энергетиканы және Энергетикалық нарықты дамыту тенденциялары» ғылыми блогы шеңберінде аса өткір пікірталастар жүргізіледі деп күтілуде.
«Қазақстан бұрынғыша көмірсутек шикізатының жоғары қорларына ие және мұнай өндірудің ең жоғары деңгейі әлі алда деп саналатын елдің бірі болып қалады, – ескертті спикер. – сала мамандарының айтуынша 2020 жылдан кейін Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі 100 млн. тоннаға жетеді. Бұл тәулігіне 2 млн. баррельге жуық. Және сарапшылардың болжамы бойынша 2040 жылға қарай мұнай мен газға деген сұраныс барлық тұтынудағы энергия қорларының 50% көрсеткішінен төмен түспейді». – деп академик Қарабалин Ұзақбай атап өтті.
Алматы энергетика және байланыс университетінің президенті – спикер Ержан Сырғалиев – энергетикалық сала үшін жаңа формациядағы кадрларды даярлаудың инновациялық жүйесі туралы айтып берді. Қазақстандағы ЖОО-ның 45 ректорлары және шетелдік ЖОО-ның 18 ректорлары қатысатын «Ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету» блогының қатысушылары туралы ақпаратпен бөлісті.
Әлем осы күнге дейін Энергетикалық трилемманың балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізбеді. Бұл мәселені Конгрестің екінші блогында талқылайды, – «Самұрық Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Молдабаев Қаныш айтты.
Форумның маңызды іс-шараларының бірі – «дөңгелек үстел». Оны жаңартылатын энергия көздері бойынша Халықаралық агенттігі (IRENA – International Renewable Energy Agency) ұйымдастырады және өткізеді. IRENA негізгі жобаларының бірі – Remap болашақтың жаңартылатын энергия көздері бойынша халықаралық Жол картасы ұсынылады.
Конгресс аясында тағы екі «дөңгелек үстел» өткізіледі. «Жаңартылатын энергия көздерінің құрылыстарының негіздері мен іргетастарын салу және пайдалану кезіндегі инновациялар мен мәселелері» және «Қазақстанның болашақ энергиясына жол сала отырып» тақырыптарына арналған.
Қазақстанның ғалымдары 200-ден астам баяндамаларды және ғылыми әзірлемелерді ұсынады, – Г. Медиева ақпаратпен бөлісті. – жобалар таныстырылатын болады және іске асырылады: біреулері макет түрінде, біреулері бейне түрінде. Ал кейбіреулерін, мысалы, «Болотовтың Виндроторын» қаланың кіреберісінде көруге болады. Ол жұмыс жасайды және желіге энергияны береді. Сонымен қатар, энергияны үнемдеу бағдарламалары бойынша және дәстүрлі энергетиканы экологияландыру бойынша маңызды шешімдерді беретін «Токамак» материалтану реакторы ұсынылады. Сондай-ақ, шығарындыларды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін шешімдер бар. Мысалы, қазіргі кезде ғалымдар «көмір химиясы» тақырыбы бойынша жұмыс жасауда.
WSEC барлық баяндамалары баспаға шығарылады, ал электрондық нұсқасы Elsevier журналында басылып шығарылады деп Конгрестің бас үйлестірушісі уәде берді. Яғни олар қолжетімді болады.

Толығырақ ақпарат WSEC-2017 сайтында: www.wsec.kz. WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресінің Ұйымдастыру комитеті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз