«Әлеуметтік дүкен» ашылды

154

0

«Әлеуметтік дүкен» ашылдыҚызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан «Әлеуметтік дүкен» ашылды.
«Әлеуметтік дүкеннің» негізгі мақсаты – тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету, көмек қолын созу болып табылады.
Дүкеннің салтанатты ашылу шарасында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, «Жомарт» мейірімділік үйінің еріктілер жасағының жетекшісі Маия Наримова және жастар ұйымдарының еріктілері, белсенді жастар мен тұрғындар қатысты.
Шара аясында әлеуметтік шаштараз қызметі көрсетіліп және «Жастар денсаулық орталығы» КММ-нің мамандары тегін медециналық қызметтер көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз