Әлеуметтік «Дәмді» дүкендер желісі ашылды

35

0

Әлеуметтік «Дәмді» дүкендер желісі ашылдыҚызылорда. Қала тұрғындарын негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларымен қол жетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҰҚ АҚ 2014 жылғы 22 ақпан мен 1 сәуір аралығында әр аптаның сенбі, жексенбі күндері сағат 10.00-де қаланың Тоқтыбаев көшесінің бойында (Әбілхайырхан және Әйтеке би көшелерінің аралығы, ескі базар аумағы) азық-түлік тауарларының жәрмеңкесін өткізеді. 
Cонымен қатар, «Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ қарасты қаланың 12 аумағында орналасқан «Дәмді» әлеуметтік азық-түлік дүкендерінде тұрақтандыру қорындағы картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат, қант, өсімдік майы, сиыр еті, құс еті және қарақұмық жармалары төменгі бағада сатылады.
«Дәмді» әлеуметтік азық-түлік дүкендерінің орналасқан мекен-жайлары:
1.Әйтеке би көшесінің бойында (Ескі базар аумағында) – 2 
2.Ғ. Мұратбаев және Қ.Яссауй көшелерінің қиылысы («Құлагер» кафесінің маңы) – 1 
3.Жібек жолы көшесінің бойында (Сырдария мөлтек ауданы маңы) – 1 
4.«Универсам» дүкенінің маңында – 2
5.«Мерей» мөлтек ауданында («Сырдария» сауда үйінің маңы) – 1 
6.Қорқыт-Ата және Торайғыров көшелерінің қиылысы («Ақмаржан» маңы) – 1
7.Аманкелді көшесінің бойында («Одежда» дүкенінің маңы) – 1 
8.Тасбөгет кентінде (М. Шоқай және Ш.Есенов көшелерінің қиылысы)-1 
9.Төлеби көшесінің бойында (Қалалық ішкі істер басқармасының маңы)– 1 
10.Титов қыстағында (Ә.Қашаубаев көшесінің байында «Бірлік» дүкенінің маңы) – 1 
         
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз