Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуі байқалып отырған жоқ – ҚР ДСӘДМ

43

0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуі байқалып отырған жоқ - ҚР ДСӘДМАСТАНА. ҚазАқпарат – Барлық әлеуметтік міндеттер орындалатын болады. Бұл
туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана
Жақыпова мәлім етті.

«Біздің министрлік жергілікті атқару органдарымен
және ҚР Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесе
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына қатысты күн сайын мониторинг
жүргізуде. Аталған жұмыстар бізде екі заңнамалық актімен реттеледі.
Өздеріңіз білесіздер, жергілікті атқару органдары деңгейінде
тұрақтандыру қорлары жұмыс істеп жатыр. Сәйкесінше, әлеуметтік маңызы
бар өнімдерге баға өскен жағдайда тұрақтандыру қорлары тиісті
іс-қимылдарды жүзеге асырады», – деді министрдің орынбасары.

С.Жақыпованың сөзіне қарағанда, бүгінде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуі байқалып отырған жоқ.

«Қазіргі кезде осы тұрғыда проблемалар туындап отырған жоқ»,- деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз