Әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты

43

0

Әлеуметтік нысандар құрылысымен таныстыОблыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сержан Наметша Арал ауданына іс-сапары барысында ауданға қарасты ауылдарды да аралады. 
Облыс әкімінің орынбасары ауданның Бөген, Қамбаш, Құмбазар, Аралқұм, Тоқабай елді мекендеріндегі және Арал қаласындағы әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыстардың жағдайын бақылады. Ауылдардың әлеуметтік жағдайы, халықтың тұрмыс-тіршілігі, өзекті мәселелер жөнінде елді мекендердің әкімдерімен пікірлесті.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қамбаш, Аралқұм ауылдарында салынып жатқан күндізгі емханалар 1 маусымға дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ауыл әкімдері емхананың ішкі су, электр жүйелерін жүргізу және отын сақтайтын қойма қажеттігін айтты. Құмбазар, Тоқабай елді мекендеріндегі мектептердің, қаладағы №64 мектеп пен 280 орындық балабақшаның құрылыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс мердігерлеріне жұмысқа жергілікті жердің жастарын көбірек тартуды тапсырды. Аудан халқының әлеуетін арттыру бағытында біршама қызметтер бар екендігін хабарлаған аудан әкімі Мархабат Жайымбетов қызмет сапасын одан әрі жетілдіруге күш жұмсайтындығын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз