Әлеуметтік салаға басымдық берілуде

40

0

Ел экономикасында ерекше орын алатын, мемлекетіміздің басты назарда ұстайтын салаларының бірі-әлеуметтік сала болып табылатыны анық. Сондықтан да Мемлекет басшысы әрдайым осы әлеуметтік саланы қолдау мен халықтың әлжуаз топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектерге баса мән беріп келеді. Елбасы Жолдауынан салаға берілген басымдық тағы отырмыз. Яғни, Елбасымыз «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейін арттырылатындығын жеткізді. Бұдан бөлек базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Және де 2017 жылдғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік   жәрдемақы көлемі 20 пайызға артатынына тоқталды.      
Жалпы, Елбасымыз жаңа әлеуметтік саясатында экономикалық тәуекелдерге, ештеңеге де қарамастан, халықты әлеуметтік қолдау шараларын ұлғайтуы елге деген қамқорлық деп білеміз.
Иә, мемлекет барда әлеуметтік салаға жүктелген жауапкершілік ешқашан ескерусіз қалмақ емес. Қандай да бір жеке тұлғаның алатын көмегі мен жәрдемақысы заңдылықтарға сай болса оны мемлекет тағайындауға әзір. Қазіргі таңда еліміздің оған мүмкіндігі жетерлік. Осының барлығы еліміздің әлеуметтік салаған танытқан оң көзқарасының нәтижесі.
М. Жанаев,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы-
«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық
есептеу орталығы» департаменті
Арал аудандық бөлімшесі басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз