Әлеуметтік саланың үздіктері марапатталды

53

0

Өткен жұмада облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы әлеуметтік саланың
үздік қызметкерлеріне облыс әкімі және облыстық мәслихаттың құрмет
грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.
Облыс әкімі және облыстық
мәслихаттың Құрмет грамотасымен ҚР Қорғаныс министрлігі Қызылорда
облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Әлімжан
Ерниязов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының басшысы
Жазира Жылқышиева, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік Дүйсенбаев марапатталды. Бұдан
бөлек әлеуметтік саланың жеті қызметкері облыс әкімінің алғыс хатына ие
болды.

Медицина қызметкерлері күніне орай, басқармаға қарасты
мемлекеттік коммуналдық мекемелерде қызмет жасайтын әлеуметтік сала
қызметкерлеріне ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
наградалары табыс етілді. Осы ретте, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі»
төс белгісімен Қазалы психикалық-жүйке ауруларының интернатының аға
мейірбикесі Жеңіскүл Бақберген марапатталды. Сонымен қатар, үш
қызылордалыққа ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
Құрмет грамотасы берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз