Әлеуметтік желі арқылы діни араздық тудырмақ болған

51

0

Әлеуметтік желі арқылы діни араздық тудырмақ болғанҚызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілер мен видеохостингтер бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни араздықты тудыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады деген күдікпен белгілі бір азаматтың жеке парақшасын байқайды.
 Тиісті іздестіру жұмыстары нәтижесінде 25 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, ішкі істер басқармасына жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.
 Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында айғақ зат ретінде аудио-жазбалар алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Нәтижесінде аталған азаматтың деструктивті діни ағымды ұстана отырып, әлеуметтік желідегі өзінің парақшасы арқылы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық және діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерді жасағаны дәлелденіп, ағымдағы жылдың 15 наурызында Қызылорда қалалық сотының шешімімен «кінәлі» деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес 2 жыл 10 айға шартты түрде сотталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз