Әлеуметтік желіде абайлап пікір жазбасаңыз, жазаланасыз

86

0

Әлеуметтік желіде абайлап пікір жазбасаңыз, жазаланасыз Соңғы кезде әлеуметтік желі өмірімізді өзгертіп, ойланатын әрекеттерге апаруда. 
Осыдан шамалы уақыт бұрын ғана ғаламтордың осыншалықты ғаламат күшке ие болатынын  айтқанда сенбейтінбіз. Сымсыз байланыс адамның өміріне етене еніп бара жатқаны сонша, жақын тұрған көршіден көмек сұрағаннан гөрі, гуглдан  көмек сұраған анағұрлым оңай болып қалды. Қала берді, кімнің қайда барып не істегені, телеарнаны қоспай –ақ жолда жүріп жаңалық оқып,  жан-жақтағы оқиғаның бел ортасында жүргендей күйде болатынымыз әлеуметтік желінің белсенділігінен бе дейсіз?! Айтпақшы, ғалымдар фейсбукке қарсы дәрі ойлап тауыпты. Дұрыс түсіндіңіз, желіге кіретін дертпен ауыратындарға қарсы дәрі. Тіпті, әлеуметтік желінің «ауруымен» ауыратындарды мынадай 4 топқа бөліп  қарастыруға болады екен.
1.     Айтар ойы жоқ, бірақ үнемі назарда болғысы келетіндер.Олар әдетте біреумен түскен суретін салып, бір ауыз пікір білдіріп қояды.
2.     Қайда болғанын, не істегенін, жаңа киім алғаны мен көшеге қыдырғанын жасыра алмай, отбасы ошақ қасындағы өмірін көрсететін мақтаншақтар.
3.     Қоғам белсендісінің рөлін ойнайтын актерлер. Жұрттың назарын оқиға арқылы өзіне аударғысы келетіндер.
4.      Соңғы тобы желіні жекебасына пайдаланып,  жұртқа жала жауып, қоғамдық орындарда шу туғызғысы келетіндер.
Расында,  желі арқылы жағадан алып, адамның ар-ожданына тиер айыптаулар мен ара қатынасты бұзатын жазбаларды жиі көз шалады. Қисыны келсін-келмесін бірін-бірі кекетіп, тіпті біреудің үстінен арыз айтып, шағымданатындар желіні жекебасына пайдаланып жүр. Мұндайда адамның  -«қаруы» – заң. Біле жүріңіз,  БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жала жабу   – 2000 АЕК ( айлық есептік көрсеткіш) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына  2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге апарады.  Ал биылғы АЕК- 2269 теңгеге тең десек, айыппұл көлемі- 4 538 000 теңгені құрайды.  Сол секілді қорлау, адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтуге жол берілсе,  – 200 АЕК  дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.Ал адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз таратып, дербес деректердi заңсыз жинаса,  5 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады.  Сонымен қатар төмендегідей жағдайлар да жауапкершілікке шақырады.
http://kazdala.kz
 
 
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз