Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі

111

0

Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңіҚызылорда облысының білім басқармасы мен облыстық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 19 сәуір күні облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы базасында 5-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. 
Ілияс Жансүгіров оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын айқындау болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, Ілиястың прозалық, драматургиялық шығармаларымен, ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директорының қатысушы сертификатына ие болды. Және Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының І дәрежелі дипломымен Қармақшы ауданы, №109 мектебінің 10 сынып оқушысы Нұғманова Үкілімай марапатталды. Арал ауданы, №83 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ақылжанова Шұғыла ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. ІІІ дәрежелі дипломмен Жалағаш ауданы, №202 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Өмірзақ Дидар, Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Қыпшақбаева Айгерім, Қазалы ауданы, №102 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шынтемір Аида марапатталды. 
2016-2017 оқу жылындағы республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытынды кезеңі
25-27 сәуір аралығында Алматы облысы Ақсу ауданында өтіп жатқан Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытынды кезеңінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №109 мектебінің 10 сынып оқушысы Нұғманова Үкілімай Ақсу ауданы әкімінің арнайы (қаржылай) сыйлығымен марапатталды! Жетекшісі Суйеубаева Валя апай
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз