Үлкен аумаққа жеміс-жидек пен жүзім екті

51

0

Үлкен аумаққа жеміс-жидек пен жүзім ектіЖаңақорған ауданы Шалқия ауылдық округінің аумағында орналасқан «Шадымхан» шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісімен 50 гектар жеміс-жидек ағаштары мен 50 гектар жүзім егіп, өзгеге өнеге көрсетіп отыр. 
Бүгінгі таңда аталмыш алқап жасыл желек жамылып келеді. Көрер көзге көркем көріністі алып келіп, көкейге көрікті ойды ұялатады. Осылайша шаруа қожалығы тың технологияларды пайдалана отырып, тамшылатып суару әдісін қолданып, бүгінгі замана талабына сай жұмыс істеуде. Шаруа қожалығының жетекшісі Ж.Байгенжеев инвестицияны Шымкенттен тартқандығын және 2-3 жылдың көлемінде өз өнімін беретіндігін айтты. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз