Үлкен ай аясындағы зымыран

52

0

Үлкен ай аясындағы зымыран «Астрономия бәрі үшін» Роскосмос пен Мәскеу планетариясының бірлескен рубрикасы осылай аталады. Мұнда Күн жүйесі мен оның обьектілері жайлы  айтылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Байқоңыр ғарыш айлағында алдағы 17 қарашада ұшыруға дайындық жүріп жатқан «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы мен көліктік ұшырылатын «Союз МС-03» кораблінің аясында Айдың ерекше үлкен болуы бүгін  тап осылай көрінеді», деп жазылған осы рубрика үшін ғарыштық «Южный»  орталығы фотографтарының Байқоңырдағы ұшу алаңынан түсірілген суреттерінде.  
Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 қарашада аспанға осы жылғы ең үлкен Ай енді, яғни біздің планетаға рекордтық қашықтыққа жақындады. Ғалымдар бұл көріністі ерекше құбылыс, ерекше оқиға деп бағалауда.  Айдың Жерге  ең жақын қашықтыққа жетуі, Айдың 14 пайыз үлкен әрі 30 пайыз жарық болып көрінуі – астрономиялық құбылыс. Айта кетер болсақ, Ай бұл кезде Жерге әдеттегіден 50 мың шақырымға  жақындап, үлкен отты шарға ұқсайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жолғы Үлкен Ай 1948 жылдан бергі ең зор, 2034 жылға дейінгі ең жарық бейнеге ие болуы ықтимал.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз