ӘЛМЫРЗАНЫҢ ӘН ӘЛЕМІ

122

0

Шиелі ауданындағы Бұдабай мәдениет үйінде Президентіміз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында ҚР еңбегі сіңген қызметкері әңші, сазгер Әлмырза Ноғайбаевтың 70 жас мерейтойына орай эстрада және дәстүрлі әншілердің облыстық фестиваль-байқауы өтті. 

Аталмыш шараны Шиелі ауданы әкімдігімен аудандық мәдениет бөлімі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюссерлік орталығы ұйымдастырды. Шараның алғашқы бөлігіне 11 әнші қатысса, екінші жартысында 12 өнерпаз бақ сынады. ҚР Мәдениет қайраткері Әшімхан Оспанов, продюссерлік орталықтың бөлім басшысы Бағдагүл Есмұрзаева, әнші-сазгердің қызы, Ақмарал Ноғайбаева қазылық еткен жюри жүлдегерлерді анықтады. Байқау шартына сай сазгер Ә. Ноғайбаевтың әндерін орындаған эстрада әншілерінің сайысында бас жүлде қызылордалық Жарасқан Төлебайға бұйырды. Ал бірінші орын шиелілік әнші Айгүл Еркінбайқызының еншісінде қалды. Екінші орынға екі өнерпаз – Салтанат Әбдіғали мен Қалдар Қадырбек көтерілсе,  үшінші орынды шиелілік  Рақат Калхозов иеленді.

     Аудан әкімінің орынбасары Т. Жағыпбаров шараны қорытып, өнерпаздарға аранаулы сый мен марапаттарды тапсырды.

 Н. Назымханұлы, 

Шиелі ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз