Ұлттық арнада бірқатар бағдарлама жабылады

38

0

Ұлттық арнада бірқатар бағдарлама жабылады «Қазақстан» теле-радио корпорациясына 2017 жылға екi үлкен өзгерiс енгiзіледі, деп жазды «Қазақпарат» «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың Фейсбуктағы парақшасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, «Қазақстан» телеарнасында көрерменнiң көңiлiнен шықпаған бірқатар бағдарлама жабылады. «(Өзгерістің -ред) Бiрiншiсi, 2016 жылдың қорытындысы бойынша бiрнеше бағдарламаларды тоқтақтық. Олардың қатарында «Агробизнес», «Жан жылуы», «Табыс сыры», «Бiлгiрлер бәйгесi». Өкiнiшке орай, бұл бағдарламалар көрерменнiң көңiлiнен шықпады, концепциясында, сапасында өзгертудi талап етедi. Осылай тоқсан сайын ұлттық арнаның бағдардамаларын iрiктеп тұрамыз. Шамалысын тоқтатып, орнына тәжiрибелi әрiптестердi шақырып сол тақырыпта жаңа концепциямен жобалар жасаймыз», деп жазды басқарма төрағасы. Сонымен қатар, алдағы уақытта корпорация қоғаммен байланысты жақсартпақ.
«Екiншi өзгерiс – қоғаммен қарым-қатынасымызды ашық түрде жүйелеп жүргiзетiн боламыз. Жаңа жобалар жасар кезде, нарықтағы тәжiрибелi продакшн компаниялардың барлығын шақырып, ережелерiн алдын ала белгiлеп, солардың арасында сайыс жәриялап тұрамыз. Осы тұрғыда жоғарыда айтылғандай тоқтатылған бағдарламалардың орнына жаңа телевизиялық жобаларға байқау жариялаймыз. Телебағдарламалар дайындайтын компанияларды әріптестікке шақырамыз», деді Кемелбек Ойшыбаев.
«Қазақстан» ұлттық арнасында шығатын жаңа креативті бастамаға негізделген бағдарламалар таңдалады. Осы бағыттағы ұсыныстар бойынша телеарна аграрлық, шағын және орта бизнеске қатысты, сонымен қатар әлеуметтік және көңіл көтерерлік тақырыптарға байланысты презентация немесе бейнероликтерді үстіміздегі жылдың 20 қаңтарына шейін қабылдайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз