ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАНАШЫРЫ ЕДІ

65

0

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАНАШЫРЫ ЕДІБасықара ауылдық округі әкімі аппараты мен №182 мектептің және «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қарлыға Әжімұратқызының 70 жылдығына орай есімін есте қалдыру, кейінгі  ұрпаққа өнегелі істерін үлгі ету мақсатында мектеп жасындағы қыздар арасында үстел теннисінен облыстық турнир өткізілді. 
Ұзақ жылдар бойы Басықара ауылдық кеңесінің төрайымы қызметін абыройлы атқарған  Қарлыға Әжімұратқызы  ауылдың көркеюіне, тәрбиелік шараларға ерекше мән беріп, спорт жанашыры ретінде тоғызқұмалақ ойынын жандандырған, ұлттық руханиятымыздың еркін қадам басуына қамқорлық жасаған басшы болды.Бұл шара «Жақсының аты өшпейді» дегенді тағы да жадымызға салғандай.Турнирдің ашылу сәтінде  аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев  Қарлығы Әжімұратқызының өмір жолы, қызметі жайында сыр шертті.  
Турнирге  Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат Мұқағали Мұхтарұлы бас төрешілік еткен төрешілер құрамы таразылады.  Нәтижесінде бірінші орынды №182 мектебінің командасы, екінші орынды Жалағаш ауданынан келген спортшылар, үшінші орынды №226 гимназияның спортшы қыздары иеленді. Жүлдегерлерге Қарлыға Әжімұратқызының бауырлары мен ұрпағының демеушілігімен дайындалған, арнайы дипломдар , бағалы сыйлықтар табысталды. 
Жұмабек Табынбаев,
 Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз