ҰЛТТЫҚ РУХПЕН ҮНДЕСКЕН

70

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған мемлекеттік тілді реформалау мәселесі қоғамда қызу талқыға салынып, жан-жақты пікірлер сарапталды. Дәлірек айтсақ, қазақ тілінің латын қарпіне негізделген нұсқасын қабылдау бастамасына еліміздің ғалымдары, саясаткерлері, тіл мамандарымен бірге қалың бұқара да үн қосты. Жуырда жаңа әліпбидің соңғы нұсқасы қоғам тарапынан қолдау тауып, күні кеше Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы шықты. Онда қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшуін қамтамасыз ету жөнінде Үкіметке тиісті тапсырмалар берілген.
Бастысы – жаңа әліпбиіміз қабылданды. Енді әрқайсымыз күнделікті хат алмасу барысында осы нұсқаны пайдаланып, қалыптасуымыз қажет. Ал 2025 жылға дейін осы әліпби бойынша оқулықтар шығарылып, білікті мамандар даярланып, жалпы тұрғындарды оқыту жұмыстары да қолға алынатын болады. Бүгінгі әлемдік ақпарат кеңістігінде латын әліпбиінің қолданыс аясы күннен-күнге артып келе жатқаны белгілі. Сондықтан бұл бастама еліміздің  жаһандық бәсекелестікке сай қалыптасуы үшін  жасалып отырған қадам екені түсінікті. Тәуелсіздік ғасырындағы осынау тарихи таңдауымыз ұлттық рухымызбен үндесіп, рухани-мәдени құндылықтарымызды әлемдік деңгейде танытуға зор ықпал ететіні сөзсіз.
Нұрсәуле МҰСАЕВА,
тілдерді оқытудың өңірлік орталығының директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз