Ұлттық спорт түрлерінен чемпионат өтті

62

0

Ұлттық спорт түрлерінен чемпионат өттіҚызылорда облысы Жаңақорған ауданында жастар арасындағы көкпардан – X, аударыспақтан -X, теңге ілуден – VIII және жамбы атудан – I чемпионаты аяқталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Жастар арасында бірінші мәрте өткізілген жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Қызылорда облысының дене дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жаңақорған ауданының әкімдігі мен жеке кәсіпкерлері ұйымдастырды. 
Аталмыш додаға Астана қаласы мен облыс орталықтардан 11 команда келіп, өзара ұлттық ат спорты түрлерінен сынға түсті. Чемпионаттың қорытындысында көкпардан Жамбыл облысының көкпаршылары чемпион атанды. Күміс жүлде Қызылорда облысының, ал қола медаль Алматы облысының командасына бұйырды. Көкпардан жеңімпаз және жүлдегер командаларға ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының  I орынға – 600 мың теңге, II орынға – 400 мың теңге, III орынға – 300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақысы табысталды. Сондай-ақ жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен, кубоктарымен және медальдарымен марапатталды. 
Жарыс бағдарламасына сәйкес аударыспақ шеберлері 5 салмақ дәрежесінде күш сынасты. 50 келі салмақта Айдос Асылханов (Жамбыл облысы) чемпион атанды. Бекзат Данай (ОҚО) күміс медальға, Жанарбек Кусманов (ШҚО) қола медальға ие болды. 
60 келі салмақта қызылордалық Бердібек Жорабектің мерейі үстем болды. 2-3 орындарды Дәулет Ахметов (Қарағанды облысы) пен Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе) иеленді. Ал 70 келі салмақта Жәнібек Сайлаубеков (ШҚО) чемпион атанса, Жасұлан Айтпай (ОҚО) екінші орынды иеленді, Еркебұлан Шаймағанбетовке (Қарағанды облысы) қола медаль тапсырылды. 80 келі салмақта ақтөбелік Арман Сағынбаев жеңіс тұғырына көтерілді. Есімжан Рахметолла (ОҚО) күміс, Ермек Оспан (Қарағанды облысы) қола жүлдеге ие болды. 80 келіден жоғары салмақта Мұратәлі Тезекбаев (ОҚО) I орынды иеленді. Шамысхан Мәсәлім (ШҚО) екінші жүлдегер, қызылордалық Ерсұлтан Исабек қола медальді еншіледі. 
Теңге ілу сайысында ақтөбелік Әліхан Бәшембаев чемпион атанса, Салауат Жақыпов (ШҚО) екінші орын алды. Ал батысқазақстандық Нұрбол Бақытжанов қола жүлдеге ие болды. 
Жамбы атудан біздің спортшылар өз жанкүйерлерін қуанта білді. Қызылорда облысынан Жарқынбек Алмағанбетов өзінің мықты екенін дәлелдесе, Бекқали Үздекбаев күміс медальді иеленіп, қос спортшы да жаттықтырушылардың сенімін ақтай алды. Үшінші орынға Хамза Қонасов (БҚО) шықты.
30 қыркүйек – 4 қазан аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жастар арасындағы көкпардан –  X, аударыспақтан –X, теңге ілуден – VIII және жамбы атудан – I  чемпионаты аяқталды. Жастар арасында бірінші мәрте өткізілген жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жаңақорған ауданының әкімдігі мен жеке кәсіпкерлері ұйымдастырды.  
Аталмыш додаға Астана қаласы мен облыс орталықтардан 11 команда келіп, өзара ұлттық ат спорты түрлерінен сынға түсті. 
Чемпионаттың қорытындысында көкпардан Жамбыл облысының көкпаршылары чемпион атанды. Күміс жүлде Қызылорда облысының, ал қола медаль Алматы облысының командасына бұйырды. Көкпардан жеңімпаз және жүлдегер командаларға ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының қаржылай сыйақысы табысталды. I орынға 600 мың  теңге,  II орынға  400 мың теңге, III орынға 300 мың теңге. Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің диплом, кубок және медальдарымен марапатталды. 
Жарыс бағдарламасына сәйкес аударыспақ шеберлері 5 салмақ дәрежесінде күш сынасты. 50 келі салмақта  Айдос Асылханов (Жамбыл облысы) чемпион атанды. Бекзат Данай (ОҚО) күміс медальға,  Жанарбек Кусманов (ШҚО) қола медальға ие болды. 
60 келі салмақта  қызылордалық Бердібек Жорабектің мерейі үстем болды. 2-3 орындарды  Дәулет Ахметов (Қарағанды облысы) пен Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе) иеленді. 
70 келі салмақта  Жәнібек Сайлаубеков (ШҚО) чемпион атанса, Жасұлан Айтпай (ОҚО) екінші орынды иеленсе, Еркебұлан Шаймағанбетовке (Қарағанды облысы) қола медаль тапсырылды. 
80 келі салмақта  ақтөбелік Арман Сағынбаев жеңіс тұғырына көтерілді. Есімжан Рахметілла (ОҚО) күміс, Ермек Оспан (Қарағанды облысы) қола жүлдеге ие болды. 
80 келіден жоғары салмақта Мұратәлі Тезекбаев (ОҚО) I орынды иеленді.  Шамысхан Мәсәлім (ШҚО) екінші жүлдегер,  қызылордалық Ерсұлтан Исабек  қола медальді еншіледі. 
Теңге ілу сайысында ақтөбелік Әліхан Бәшембаев  чемпион атанса,  Салауат Жақыпов (ШҚО) екінші орын алды. Ал  батысқазақстандық Нұрбол Бақытжанов қола жүлдеге ие болды.  
Жамбы атудан біздің спортшылар өз жанкүйерлерін қуанта білді. Қызылорда облысынан Жарқынбек Алмағанбетов өзінің мықты екенін дәлелдесе, Бекқали Үздекбаев күміс медальді иеленіп, қос спортшы да жаттықтырушылардың сенімін ақтай алды. Үшінші орынға Хамза Қонасов (БҚО) шықты. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз