ҰЛТТЫ ТАНЫТҚАН ӘНШІ

69

0

ҰЛТТЫ ТАНЫТҚАН ӘНШІБейсенбі күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық филармонияның ұйымдастыруымен танымал əнші, дарынды композитор Батырхан Шөкеновті еске алу арналған «Қайран, көңіл-ай!» атты кино-концерт өтті. 
Әнші Ринат Рүстемов Б.Шөкеновтің орындауындағы «Отан ана» әнімен сахна шымылдырығын ашты. Мұнан соң Гаухар Бисекенова «Қайран көңіл-ай», Индира Ахметова «Гавань моей любви», Ғалымжан Ұлықпан «Бал сезім», Әділхан Тәуекел «Гүл Алматы», Индира Наукеева «Дождь», Олжан Нұралиев «Ревнивая», Гүлзира Әлиханова «Сағым дүние», Данияр Есентеміров «Так далеко», Бекзат Молдабергенов «Брат», Әбдіхалық Мұстафаев «Твой шаги» әндерін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. 
Сыр топырағында туылып, өнерімен Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шетелді мойындатқан өнер тарланы тірі болғанда биыл 55 жасқа толар еді. Туған күніне орай ұйымдастырылған шараға танымал әншінің тыңдармандары көп жиылып, жерлестері сағынышпен еске алды. Концерт барысында талантты əншінің өмір жолы мен шығармашылығынан бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар Батырхан Шөкеновтың әндерін орындап, өнер жұлдызы туралы естеліктер айтылды.
Сонымен бірге, қаладағы Достық үйінің алдында Б.Шөкеновтің туған күніне орай халықтық концерт ұйымдастырылды. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары  Руслан Рүстемов өнер жұлдызының өмір жолына тоқтала келе, жерлестері оны сағынышпен еске алатындығын айтты. Кеш барысында жергілікті өнерпаздар танымал әншінің белгілі әндерін орындаса, ерікті жастар сахнада өз өнерлерін көрсетті. 
Айта кетейік, аймақта дарынды композитордың ән мұраларын, шығармашылығын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында республикалық, аймақтық және облыстық деңгейдегі түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. 
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз