Ұлық мерекеге дайындық жүргізілуде

37

0

Ұлық мерекеге дайындық жүргізілудеЖаңақорған. Ұлыстың ұлы күніне орай арнайы аудандық іс- шаралар жоспары әзірленген. Бекітілген іс- шараға сәйкес бүгінде барлық елді мекендерді көркейту- көгалдандыру, тазалық апталықтары мен сенбіліктер жүргізілуде. 
Наурыз айының 12-25 аралығында аудандық кітапханада «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі, 17-21 аралығында аудандық мүзейде «Берекелі, мерекелі-Әз Наурыз» атты этнографиялық бұйымдар көрмесі өтетін болады. Ал мереке қарсаңында күндіз орталық алаңда 11 киіз үй тігіліп, наурыз көже, ұлттық дастархан мәзірі мен ұлттық нақыштағы концерттік қойылымдар, спорттық сайыстар (қазақ күресі, қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту, бұқа тартыс, қаппен ұру) өткізіліп, мерекелік кеш кешкілік серуен мен отшашуға, танымал өнер жұлдыздыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасатын болады.  Бұл жайында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегеновке сілтеме жасап аудан әкімінің баспасөз қызметі арнайы мәлімдеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз