Ұлы Отан соғысы ардагері Бөрібай Құлмановқа құрмет көрсетілді

75

0

Ұлы Отан соғысы ардагері Бөрібай Құлмановқа құрмет көрсетілдіБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай
Құлмановты 95 жасқа толуына орай қабылдады. Облыс әкімі ардагерді
мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің
баспасөз қызметінен хабарлады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұрпақтар
жалғастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойында
сақтаған қарияларымызға деген құрмет пен қамқорлық ешқашан толастамауы
қажет» – деп, сол арқылы жастарды тұғырлы тұлғалардың үлгісінде өсіруді
ұлағаттап келеді.

– Арда туған азаматтарымызды үлгі тұтып,
олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету – азаматтық
парызымыз. Сіз өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін
еткен еңбегіңіз, халық игілігіне айналған, Отан үшін от кешкен ерлігіңіз
жас ұрпаққа ұран болған, Ұлы адамсыз. Сізді Сыр өңірі жұртшылығы атынан
95 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын, – деді облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев.

– Қай салада болмасын облысымыздың
қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Осы ел игілігі жолындағы
істеріңізге табыс тілеймін. Туған жеріміз дами түссін. Бебітшілік
болсын. Баршаңызға менің жасымды, жолымды берсін, – деп ақ батасын берді
Бөрібай Құлманов.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев мерейтой иесіне облыс әкімдігінің «Құрмет» грамотасын тапсырып, иығына шапан жапты.
Бөрібай
Құлманұлы Ұлы Отан Соғысында Беларусь майданында болған. Соғыс жылдары
әскерге шақырылған жастарды оқытып, майданға жіберумен айналысты. Елге
оралғаннан кейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасында ауыл
шаруашылығын насихаттау тобының жетекшісі, Қармақшы ауданы партия
комитетінің екінші, бірінші хатшысы, тың және тыңайған жерлерді игері
басталған уақытта Қармақшы ауданында басшылық қызметте болды.

Осындай
ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін Құлманов Бөрібай ағамыз
«Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» және «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі»,
«Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет
грамоталарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз