М. Мәметова колледжінің студенттері Халықаралық театр фестивалінен жүлделі оралды

48

0

М. Мәметова колледжінің студенттері Халықаралық театр фестивалінен жүлделі оралдыТ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының колледжі 3-6
сәуір күндері Қазақ өнерінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық әртісі
Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жас Аrt» І
Халықаралық колледж студенттерінің театр фестивалін өткізді. Фестиваль
аясында «Этюд» және «Әнші актер» номинациялары бойынша кәсіби байқау
өтті. Қазақстанның өнер шеберлері мен шет ел оқу орындары оқытушыларының
қатысуымен өнер, мәдениет, білімге байланысты өзекті мәселелер бойынша
конференция, дөңгелек үстел және шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Аталған
театр фестиваліне Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық
колледжінің «Актерлік өнер» мамандығының 3-курс студенттері қатысып,
«Этюд» номинациясы бойынша ІІІ орын, «Әнші актер» номинациясы бойынша
Мырзабаева Күнімкүл ІІІ орынға ие болды. Фестивальге Франция, Египет,
Болгария, Қырғызстан елдерінен және еліміздің облыстарынан талапкерлер
қатысты.

«Этюд» номинациясы бойынша актерлердің актер
шеберлігі элементтерін игерудегі саражолы, этюдтің тақырыбы мен
мақсатының айқындылығы, орындаушылардың сахнадағы серіктесімен
(серіктестерімен) ішкі және сыртқы актер техникасы арқылы көркем
бейнесін тудыра білу қабілеті бағаланды.

«Әнші-актер» номинациясы бойынша
орындаушының шығарма мазмұнын аша білуі, интонациялық тазалығы,
вокалдық-техникалық мүмкіндігі, сахна мәдениеті сарапқа салынды.

Колледжде қосымша қызмет атқаратын оқытушы, ҚР
еңбек қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Н.Бекежанов атындағы
Қызылорда драма театрының бас режиссері Хұсейін Әмір-Темір осы
фестивальге кәсіби түрде шәкірттерді дайындап, жетекшілік жасаған.

«Әнші актер» номинациясы бойынша Мырзабаева
Күнімкүлді аталмыш додаға «Өнер» бөлімінің «Дауыс қою» пәні оқытушысы,
жас маман Ахметова Екатерина дайындаған.

Осы тұста айта кеткен жөн, колледж Т.Жүргенов
атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясымен тығыз әлеуметтік серіктестік
байланыста жұмыс жасауда. Жыл сайын «Актер өнері», «Театр сәндік өнері»
мамандығының студенттері өндірістік тәжірибе жинақтау жұмыстарын
Академия базасында өткізіп, оқу орны профессорлары, оқытушылары мен
Қазақстанға белгілі театр және кино шеберлерінен дәріс алып келеді. Осы
уақытқа дейін 39 студент сертификаттарға ие болды.

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда драма театрымен колледждің әлеуметтік
серіктестік жұмысының нәтижесінде 2014 жылы «Актерлік өнер» мамандығының
«Драма театры әртісі» біліктілігімен бітірген алғашқы түлектерінің 90
пайызы осы театрда және облыстың мәдениет үйлерінде еңбек етуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз