Мал да бағады, терезе де жасайды

51

0

Мал да бағады, терезе де жасайдыШиелі ауданы. Жуантөбе ауылдық округіндегі кәсіпкер Р.Мұстафаева «5 арыс тұяқты» несие серіктестігін құрып өз кәсібін кеңейтуде. 
Ол «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы мемлекеттен 26 млн. теңгеден астам қаржыны несиеге алып, бүгінде 60 бас сиыр, 2 үйір жылқы бағып көбейтуде. Одан өзге, үй ауласынан пластикалық есік-терезе жасайтын және жем дайындайтын цехтар орнатып ел игілігіне пайдалануда. Сондай ақ, несие серіктестігінде ауылда жұмыссыз жүрген 11 азамат жұмысқа тұрып, отбасыларын асырап отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз